Ақтөбе облысындағы газ өңдеу зауытынан өрт шықты

Кеше Ақтөбе облысындағы газ өңдеу зауытынан өрт шығып, 4 жұмысшы зардап шекті.

Күйік шалған адамдар Темір ауданының орталық ауруханасына шұғыл жеткізілді. «Олардың жағдайы тұрақты», - дейді мамандар. Төтенше жағдай депаратментінің мәліметінше, Мұғалжар ауданы Жаңажол кен орнындағы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясына қарасты нөмірі екінші газ өңдеу зауытының аумағында қондырғы өртенген. Қызыл жалынға қарсы күреске 50-ден астам қызметкер мен 9 арнайы техника тартылып, кешке қарай қауіп сейілді. Апат аймағында аэровизуалды барлау жүргізілді. Қазіргі уақытта өртті толық сөндіру жұмысы жалғасып жатыр.