Петропавлда 9 үй өртенді. LIVE
Петропавлда өртке байланысты эвакуациялық пункт ашылды.
Зардап шеккен тұрғындар уақытша мектепке жайғастырылды. Оқиға орнында арнамыздың түсіру тобы жұмыс істеп жатыр.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:
- Қауіптің беті әлі сейілген жоқ. Төтенше жағдайлар департаменті берген ресми ақпаратқа сәйкес, өрт кешкі 7 - лер шамасында шыққан. Қала шетіндегі “Береке” ықшам ауданында қамыс тұтанып, шеткі көшедегі үйлерге жайылған. Ресми ақпарат бойынша 9 үй жанып кетті. Қазір мұнда төтенше жағдайлар қызметі жқмыс істеп жатыр. Полиция, дәрігерлер де осында. Қауіпсіз жерден 40 - тан астам жергілікті тұрғын көшірілді. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Бұл жерде тұратын тұрғындар мал ұстайтын көрінеді. Өйткені ірі қараларын айдап шығарып жатыр. Қалың қамыс әлі де жанып жатыр. Оны сөндіруге 10 - нан аса арнайы техника жұмылдырылған. Өлім - жітім жоқ. Бұл туралы ТЖД маманынан сұхбат жазып алған едік. Қазір назарларыңызға соны ұсынамын.
Эльмира Сәдуақасова, әкімдіктің баспасөз хатшысы