Абылай Мырзахметов 30 миллион доллар парамен ұсталды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов пара алып ұсталды.

Параның көлемі де анау-мынау емес әлеуметтік желілердегі ақпаратқ сенсек 30 миллион доллар. Теңгеге шаққанда 13 миллиард 300 миллион. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі оның пара алып ұсталғанын және тергеліп жатқанын растаған. Абылай Мырзахметов «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма басшысы қызметінен былтыр ақпан айында кеткен. Оның алдында Президент жаныныдағы экономимкалық даму бойынша мемлекеттік комиисяның мүшесі, «Қазақстан темір жолы», «Самұрық-Қазына» секілді маңызды орындарда жоғарғы қызмет атқарған. Ең қызығы ол бұл қызметтерге дейін, яғни 2003 жылы мемлекет мүлкін тонау бойынша мүлкі тәркіленіп, 5 жылға шартты түрде сотталған болатын.