Атырауда белгісіз біреу журналист көлігін өртеп жіберді
Атырауда танымал журналист Виктор Сутягиннің автокөлігінің өртенуіне қатысты Ішкі істер министрлігі түсініктеме берді.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, оқиға орнында жарылғыш заттың белгілері жоқ. Тергеу тексеру жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Зейнеткер журналист дін аман. Ал Виктор Сутягиннің айтуынша, бір адамның автокөлікке таяп келгені, оның алдыңғы жағына еңкейгені, сонан соң жойқын жарылыс болғаны бенебақылау камерасына түсіп қалған.
Виктор Сутягин, журналист:
- Мен көлігімді күндізгі сағат 17:00 шамасында әдеттегіше үйімнің алдына қойдым. Түнгі сағат 12:00-де көршіммен әңігемелесіп тұрдым, бірақ ешқандай күдікті жайтты байқамадым. Өзім осы қалада туып-өстім, барлығын танимын. Өңірдің өзекті проблемаларына араласып келемін. Ол – менің азаматтық борышым. Бірақ маған қастық жасайды деп ешкімді атай алмаймын.
Мейірім Ердәулет, облыстық ПД баспасөз хатшысы:
- Болған автокөлік өртіне қатысты қазіргі тада ҚК 202-бабы, 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Сондай-ақ жақын маңдағы бейнебақылау камералары арқылы қандай да бір күдік туғызатын деректерге байланысты зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.