Ақтөбе облысындағы өрттен зардап шеккендердің бірі қайтыс болды

Ақтөбе облысындағы газ өңдеу зауытынан шыққан өрт кезінде зардап шеккен 4 жұмысшының бірі қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиғадан кейін ер адам санавиациямен елордалық ауруханаға жеткізілген еді. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысты, бірақ денесін қатты күйік шалғандықтан, 56 жастағы азамат көз жұмды. Қалған 2 жұмысшы Астана қалалық ауруханасында ем алып жатыр. Тағы біреуі Ақтөбеде. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалады.

Еске салайық, мамыр айының басында Ақтөбе облысындағы газ өңдеу зауытында өрт болды.