Ақтөбеде бала ұру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі баланы ұрып-соққан медицина қызметкеріне қатысты тергеу жүріп жатыр.
Оқиға нөмірі бірінші әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болған. Прокурорлардың айтуынша, 8 жастағы ойын баласы зардап шеккен. Қазір қылмыстық іс қозғалып, полицейлер тексеруге кіріскен. Бұл орталықта негізінен ақыл-есінің дамуы, кенжелеп қалған жеткіншектер тұрады. Балалар 5 жастан бастап, кәмелет жасына толғанға дейін, медицина қызметкерлері мен күтушілердің қарауында болады.
Ләззат Тайланова, Ақтөбе қалалық прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры:
- Мұндай дерек екінші рет қайталанып тұр. 2022 жылы осындай дерек болды. Үкім шығып қазіргі таңда үш тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды.