Жамбыл облысында 49 мың электронды темекі тәркіленді
Жамбыл облысында 50 миллион теңгенің электронды темекісі тәркіленді.
Контрабандалық тауар Қырғызстаннан «Айша бибі» кеден бекеті арқылы Қазақстан аумағына жеткізмек болған. Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері екі жүк көлігінен 49 мың электронды темекі мен вейпті анықтады. Құзырлы орган өкілдері тауардың құжатсыз тасымалданғанын айтып отыр.
Дулат Сақұлов, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға тергеушісі:
- Сот үкімімен «А» есімді азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімімен «вейп»» маркалы 49 мың дана электронды сигарет өнімі тәркіленіп қазіргі таңда жойылды.