Астанада тұрғын үйдің жерасты автотұрағында 6 көлік өртеніп кетті

Астанадағы «Кристалл» тұрғын үй кешенінің жерасты автотұрағында, алты көлік пен 3 қойма жанып кетті.

Тағы төрт көлік зақымданды. Тілсіз жау шамамен 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндірушілер, жоғары қабаттардан 17 адамды құтқарды. Оның алтауы бала. Улы газдан улану диагнозымен ауруханаға 3 адам жеткізілді. Сағат 11 жарымнан аса басталған өрт түскі үште сөндірілді. Оған ұзын ырғасы 70 адам мен 18 техника жұмылдырылды. Қазір тілсіз жаудың себебі анықталып жатыр.