Семейде қайтадан орман өртенді
Абай облысының «Семей орманы» табиғи реверватында тағы да өрт шықты.
Қызыл жалын Бородулиха ауданындағы Батпаев орманшылығының аумағында тұтанған. Тілсіз жаумен күреске 60-қа жуық адам мен 20-дан астам техника жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды. Алдын ала болжам бойынша 0,3 гектар аумақ жанып кеткен.