Абай облысында өрт сөндіруге қосымша күш жұмылдырылды

Успен, Поднебесное, Барышевка ауылдарына қауіп төнгендіктен, 320 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауылдарда қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың мүлкін қорғау үшін ішкі істер бөлімі кезекшілік ұйымдастырған. Аудан орталығы Бородулиха тұрғындарына қауіп төніп тұрған жоқ. Деседе халық түтіннен қауіптеніп отыр. Қандай да бір көмек керек болған жағдайда 112 және 102 нөміріне хабарласуға болады. Төтенше жағдайлар және облыс әкімдігінің жедел желі ұйымдастырды, олардың нөмірін қазір экрандарыңыздан көріп отырсыздар.

Жедел желі:

8-7172-53-32-84

8-722-235-38-31

Ернар Жәлелов, Абай облысы ТЖД бастығы:

- Абай облысындағы өртті сөндіру жалғасып жатыр. Жеке құрам күні-түні жұмыс атқарып жатыр. Бүгінгі күнде 3 ауылға өрт қаупі бар. Тұрғындар өз еркімен эвакуацияланған.

Өрт болған аумақта таңертеңнен бері авиация 80 рет, жалпы көлемі 263 тонна су төккен. Қазір өзге өңірлерден қосымша көмек келіп жатыр. Астанадан 80-ге жуық құтқарушы, 17 техника барды. Қарағандыдан 29 адам мен 6 техника қазір Бородулиха ауданына жетті. Шығыс Қазақстан облысынан 15 адам мен 5 техника таңнан бері отты өшіруге атсалысып жатыр. Жақын арада Алматы, Жетісу, Қызылорда облыстарының құтқарушылары келеді.