Абай облысында хабар-ошарсыз кеткен тракторшының мәйіті табылды
Абай облысында 9 маусымнан бері хабар-ошарсыз кеткен тракторшының мәйіті табылды.
Полицейлер қызметтік иттің көмегімен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны Сергей Архиповтың денесін өрт сөндіру орнынан 50 шақырым жерден тапты. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ, өзге деректерді анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өзге мәліметтер қылмыстық-процестік кодекстің бабына сәйкес жария етуге жетпайды.