Бурабайда рэкетирлер ұсталды

"Бурабай" демалыс аймағында бір топ рэкетир ұсталды.

Тергеу амалдарының нұсқасына сай, күдіктілер жергілікті тұрғындарға әсіресе жас жігіттерге күштеп, онлайн несие алғызған. Азаматтар бас тартса, ұрып соғамыз деп қорқытқан. Ұсталған сегіз адамның төртеуі уақытша изоляторға қамалды. Күдіктілердің заңсыз әрекетінен, зардап шеккендердің тізімі анықталып жатыр. Осы іске қатысты дәлелдерді жинау үшін бірнеше арнайы операция жүргізілген. Нәтижесінде бопсалау, ұрлық, алаяқтық және криминалдық әрекеттерге қатысты деген жағдайлардың бәрі қылмыстық іске қосылды.