Ақмола облысындағы Сарыкөлде қамыс өртенді

Ақмола облысындағы Сарыкөл көлінде қамыс өртенді.

Әзірге белгілісі 100 га алаң өртке оранған. Жалынды сөндіруге төтенше жағдайлар министрлігі мен Қорғалжын ауданының қызметкерлері жұмылдырылды. Бүгін Қазавиақұтқару тікұшағы тартылады. Мамандардың айтуынша, елді мекендерге қауіп жоқ.