Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарынан сабыр сақтауды сұрайды
Достық көшесіндегі Kaspi банкінің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алған туралы хабарлама келіп түсті.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы.Оқиға орнында полиция қызметкерлері, ер адаммен келіссөз жүргізуде. Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарынан сабыр сақтауды сұрайды.