«Балқаш жылу» ЖШС бұрынғы басшылығы қамауға алынды
«Балқаш Жылу» ЖШС-нің бұрынғы басшылығы 677 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді.
Қаржы мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Белгілі болғандай, серіктестіктің бұрынғы басшылығы 2020-2023 жылдар аралығында қаланы жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге бағытталған 677 млн теңгені жеке және жалған кәсіпорындардың шоттарына жіберу арқылы қолды қылған. Қазір олар қамауға алынды.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Аталған тұлғалар ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Тергеу судьясы екі ай мерзімге «қамау» шарасын санкциялады. Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.