Қарулы ер адам Астанадағы Kaspi Bank қызметкерлерін кепілдікке алды. LIVE
Астана қаласы Полиция департменті хабарлағандай, Достық көшесіндегі Kaspi Bank ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алған туралы хабарлама келіп түсті.
Алдын-ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы. Оқиға орнында полиция қызметкерлері ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарынан сабыр сақтауды сұрайды.