Kaspi Bank ғимаратындағы басқыншымен келіссөзді кәсіби мамандар жүргізді

Астана қаласындағы Kaspi Bank ғимаратына қарумен кіріп, банк қызметкерлерін кепілге алған басқыншымен келіссөзді кәсіби мамандар жүргізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Болжам бойынша, ол 7 адамды тұтқында ұстаған. Оқиға орнында «Арлан» арнайы жасағының қызметкерлері жұмыс істеді. Әскери қызметшілер арнайы операцияға тартылған жоқ. Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарына сабыр сақтауды екерткен болатын. Қазірн ешқандай қауіп жоқ.