Шетелдік көліктерді жалған құжаттар бойынша тіркеген топ ұсталды
Елімізде көлікті жалған құжаттар бойынша тіркеген қылмыстық топ ұсталды.
Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлап отыр. Мәселен, Ақмола облысында тіркеуге заңсыз қойылған жүк көліктері анықталды. Бір жыл ішінде 62 жүк көлігі жалған құжатпен қазақстандық есепке қойылған. Әрбір көлік құралынан мемелкетке шамамен 7-8 млн теңге ресми төлем түсуі тиіс еді. Алдын ала деректер бойынша келтірілген шығын 500 млн теңге болып отыр. Алматы қаласында тағы бір қылмыстық топ анықталды. Күдіктілер Қазақстанға Оңтүстік Кореядан жеткізілген жеңіл автокөліктерді заңсыз тіркеген.
Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма басшысы:
- Астана қаласында қылмыстық топ автокөліктерді автобөлшектер ретінде жекізуді ұйымдастырған және олардың шанақтарын ауыстыру туралы жалған құжаттар арқылы қазақстандық есепке қойған. Күдіктілер ұсталып, кінәларын мойындады. Сонымен қатар, күдіктілерге тінту жүргізіліп, заттай дәлелдер мен жалған құжаттар алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.