Астана маңында құрғақ шөп өртеніп жатыр

Қалалық төтенше жағдайлар департаментіне таңғы сағат  9-да от тұтанғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Өрт сөндірушілердің мәліметінше,  Қорғалжын тас жолы мен Қосшы арасындағы айналма жолдың арасында қураған жер ортқа оранған. Қазір оқиға орнында 15 адам және 3 техника бірлігі жұмыс істеп жатыр. Тұрғындар екпінді желдің әсерінен қызыл жалын жасыл белдеуге беттей ме деп алаңдап отыр. Тіпті тыныс алу қиындағанын айтады.