Астана маңындағы өрт қалаға таяды. LIVE

Астана іргесінде құрғақ шөп пен ағаштар өртеніп жатыр.

Түтін қала аумағына жетті. Оқиға орнынан біздің журналистер ақпарат беруге дайын. Өрт сөндірілді ме? Қазіргі жағдай қандай?

Ғазиза Мұхамеджанова, тілші:

- Дәл қазір Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жолдың арасында қураған шөп өртеніп жатыр. қазір мұнда өрт сөндірушілер бригадасы мен қалалық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері жұмыс істеп жүр. Өрт аумағы белгісіз. Бірақ екпінді жел мен қатты ыстық салдарынан, түтін қалаға жетті. Бүгін елордада секундына 20 метрге дейін жел тұратыны туралы хабарлама келген. Қазір астананың сол жағадауының өзінде өрттің иісі сезіледі. Жалпы, өрт туралы хабарлама тиісті органдарға таңғы сағат 9-дан кете түскен. Қазіргі уақытта жеке құрамның 15 адамы және 3 техника бірлігі бар өрт сөндірушілер өртті жою үшін. 

Елдор Райымбеков, ТЖД Басқарма бастығы