Қостанайда субсидия қаржысын жымқырды деген күдікпен ұйымдасқан топ ұсталды

Қостанайда субсидия ретінде бөлінген 500 миллион тенгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен ұйымдасқан топ ұсталды.

Олардың қылмыстық әрекетін прокуратураның араласуымен қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаменті әшкерледі. Күдіктілер 2022 жылдан бері ет өңдеу зауытына мал өткізді деген жалған құжатпан субсидия алып келген. Түскен ақшаны өзара бөлісіп отырған. Бастапқы мәлімет бойынша, қылмыстық топ құрамында оннан астам адам болған. Сот санкциясымен әзірге олардың ұйымдастырушысы және оның екі сыбайласы қамауға алынды. Қалғандарына қатысты бұлтартпау шарасын қолдану қарастырылып жатыр.

Жандос Кенжебаев, Қостанай облысы бойынша экономикалық  тергеп, тексеру департаментінің басқарма басшысы:

- Қылмыстық топты зауыттың басшысы басқаруында құрылған.Оның құрамына зауыттың өкілетті қызметкерлері, шаруа қожалықтарының басшысы, ол шаруа қожалықтары тек Қостанай облысы емес, бүкіл Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан шаруа қожалықтары қатысқан. Онымен қоса мемлекеттік органдардың қызметкерлері бар ішінде.