Есірткі саудасымен айналысқан күдікті экстрадицияланды
Түркияның құқық қорғау органдары, есірткі саудасымен айналысқаны үшін халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні Қазақстанға ұстап берді.
Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды. Оның мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.