Алматы облысында қамыс өртеніп жатыр

Іле-Балқаш резерваты аумағында 150 га алаң өртеніп жатыр.

Тілсіз жаудың шарпыған жалпы аумағы шамамен 6 мың 200 га. Әлеуметтік желілерде космо-мониторингтің суреттері жарияланды. Төтенше жағдайлар департаменті және "Іле-Балқаш" мекемесінің қызметкерлері өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. "Бақанас" орман шаруашылығында өрттің алдын алу үшін аумақтағы жерді айнала жырту жұмыстары қолға алынды. Жел жылдамдығы баяу. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.