Шымкентте мемлекеттік қызметші парамен ұсталды
Шымкентте жолаушылар көлігі басқармасының басшысы ұсталды.
Бұл қызметті Мұхтар Қоқанбаев атқарған еді. Лауазымды тұлға аса ірі көлемде пара алды - деп күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, ол кәсіпкерден 13 миллион теңге алған. Басқарма басшысы мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау кезінде бюджет қаражатын кедергісіз төлеуге уәде беріпті. Сот санкциясымен күдікті екі айға қамалды.
Дәурен Ерқарин, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы:
- Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеліп жатыр басқарма басшысына қатысты 13 миллион теңге пара алған фактісі бойынша. Басқа ақпаратты мен сізге жариялай алмаймын. Ол факті бойынша мердігер мекеменің басшысы арызбен жүгінген болатын. Осы арызды тексеру барысында біздер бұл лауазымды тұлғаның іс-әрекетінде қылмыстың бар екенін анықтадық.