Құланөтпес өзенінен 86 киіктің өлексесі табылды
Бұл Қарағанды облысының Нұра ауданына қарасты Қайнар ауылының маңы.
Оқиға орнына орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары барып, тиісті шаралар жүргізді. Қырылған киіктің барлығы биылғы төл екен. Жас ақбөкендер терең судан өте алмай, батып кеткенге ұқсайды. Оқ тиген немесе басқа да жарақат жоқ. Өлекселер шіри бастағандықтан оның ұрғашы не аталығы екенін анықтау қиын, дейді инспекторлар. Қазір өлекселер арнайы полигонға жеткізілген.