ШҚО-да газ құю станциясындағы жарылыстан жараланған екі адам қайтыс болды
Шемонаиха қаласындағы газ құю стансасында болған жарылыста жарақат алған екі адам ауруханада көз жұмды.
Қазір тағы екі кісі хирургия бөлімінде жатыр. Олардың денесінің 15-20 процентін күйік шалған. Шығыс қазақстандық дәрігерлер астаналық әріптестерімен тығыз байланыста. Оқыс оқиғаға байланысты тергеу шаралары жүріп жатыр. Жауаптылар мұндай жағдайдың алдын алу үшін өңірдегі барлық бекетте тексеру жүргізбек. Ал жергілікті билік қайтыс болғандардың отбасына барынша қолдау көрсетуге уәде берді.
Сұлтанбек Бектеміров, Шемонаиха аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
- Қайтыс болған адамдардың денесін 100 процент күйік шалған. Ауруханаға түскен сәттен бастап жағдайлары өте ауыр болды. Дәрігерлер олардың өмірі үшін күресіп, қолдан келгеннің бәрін жасады. Дегенмен, екеуі де 48 сағаттан кейін жан тапсырды.