«Өзенмұнайгаз» компаниясы бас директорының бұрынғы орынбасары ұсталды
Маңғыстау облысында "Өзенмұнайгаз" компаниясы бас директорының бұрынғы орынбасары ұсталды.
Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады. Тергеу барысында күдікті өзінің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны анықталған. Яғни компанияның бірқатар мердігерлік ұйымдарының заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі келтірген. Осылайша ол тек бизнесмендердің ғана емес, мыңнан астам қызметкердің де құқығын таптаған. Осылайша ол еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленіс тудырған.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:
- Қарамырзаев конкурстың жекелеген қатысушыларының біліктілік талаптарына сәйкес келмейтінін және мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы жалған құжаттар ұсынды, оларды тендерге қатысуға жіберді. Олардың мүдделерін қолдауды жалғастыра отырып, ол "КЕЗБИ" ЖШС-ны компания үшін көрінеу қолайсыз шарттарда ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша шарт жасасуға мәжбүр етті.