Орал маңында құрғақ шөп өртеніп жатыр
Орал қаласының іргесінде алапат өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қызыл жалын Сарыарқа шағын ауданына таяп қалған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, шамамен 5 гектар аумақта құрғақ шөп пен бұта жанып кеткен. Жалынды сөндіруге 66 адам мен 21 бірлік техника жұмылдырылды. Жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Мамандар қауіп беті сейілгенін хабарлады. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қалада күндіз 33 градус ыстық болды.