Зілтемірші Владимир Седов өмірден озды
Халықаралық деңгейдегі көптеген дүбірлі додада қазақтың көк байрағын желбіретіп, еліміздің әнұранын асқақтатқан ауыр атлет Владимир Седов өмірден озды.
Өңірлік полиция департаменті 35 жастағы әлем чемпионының мәйті өз үйінен табылғанын және ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталмағанын растады. Туыстарының айтуынша, ол өз өзіне қол салған. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Әлия Нұрмұханбетқызы, Жетісу облыстық ПД ресми өкілі:
- 35 жастағы ауыр атлеттің мәйті оның тұрғылықты жері Қаратал ауданындағы Достық ауылынан табылды. Қазіргі уақытта өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабында көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық істі аудандық полиция басшылығы бақылауға алды.