Павлодарда шатыр опырылып, екі адам зардап шекті
Павлодарда қатты желдің салдарынан сауда үйінің шатыры опырылып түсті.
Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Ал оқыс оқиғаға куә болғандар үйінді астында адамдардың қалып қойғанын айтады. Зардап шеккендердің қатарында 1971-ші және 1974 –ші жылғы екі ер азамат бар. 52 жастағы азамат басынан жарақат алса, 49 жастағысының екі аяғы сынған. Екеуі де қалалық ауруханаға жеткізілді.