Атырау облысында қамыс өртінің аумағы 690 гектарға жетті
Атырау облысында қамысты сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Жалын шарпыған аумақ 28 гектарға төмендетілді. Аэровизуалды барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша, ашық отпен жану ошақтары анықталмады. Алайда қамыс бықсып жанып жатыр. Өртті ауыздықтауға 97 адам мен 15 техника және 4 мотопомпа жұмылдырылды. Жалпы көлемі 200 тоннадан асатын су төгілді.