Алматыда барахолка базарындағы өрт сөндірілді

Алматыда барахолка тағы өртенді.

"Кенжехан-2" киім базарының аумағында кон-тейнерлік үлгідегі қоймадан өрт шыққан. Сауда алаңында болған халық эвакуацияланды. Жалын шарпыған аумақ әзірге белгісіз. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқыс оқиға туралы хабар бүгін 12:00-де түскен. Қазір өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.