Түркістан облысында ер адам абайсызда жасөспірімді атып алды
Түркістан облысында жүзім бағындағы құстарды атып жүрген ер адамның оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тиген.
Ауыр жарақаттан бала сол жерде қаза тапты. Қазір Қылмыстық кодекстің «Абайсызда қазаға ұшырату» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктіден 12 калибрлі аңшы мылтығы алынды. Сараптама тағайындалды деп хабарлайды Polisia.kz.