Атырау облысында қамыс өртін сөндіру жалғасып жатыр

9 шілде 08:00 сағаттағы ақпарат бойынша Атырау облысында қамыстың жану аумағы 690 га құрайды.

Аэровизуалды барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша ашық отпен жану ошақтары анықталмады. Алайда қамыстың бықсуы орын алуда. Бүгін 9 шілде күні ҚР ТЖМ «Казавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағының көмегімен 08:30 сағаттағы ақпарат бойынша 11 рет су төгу жұмыстары жүргізілді. Жануды жою жұмыстары жалғасуда.

Қамыс жануын жоюға Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдары, «Ақжайық» МТР, «Казавиақұтқару» АҚ барлығы 97 адам, 15 техника, 4 мотопомпа жұмылдырылды.

Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.