Жамбыл облысында екі қап қарасора тәркіленді
Жамбыл облысындағы Белбасар ауылында тоқтатылған көліктен 2 қап қарасора табылды.
Кептірілген есірткінің салмағы 34 келіні құраған. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің кезекті брифингінде айтылды. Жалпы маусым айында есірткіге қатысты 315 қылмыс тіркелген. 6 тонна есірткі тәркіленіп, заңсыз айналымнан шығарылды. Оның ішінде 900 келі қарасора, 63 келі гашиш және 12 келі синтетикалық есірткі болған. Сондай-ақ Жамбыл, Қызылорда мен Түркістан облыстарында қарасораның 12 алқабы анықталып жойылды.