Түркістан облысында кене шаққан жасөспірім көз жұмды
«Сауран ауданының 15 жастағы тұрғыны медициналық көмекке жүгінбегендіктен оны аман алып қалу мүмкін болмады,» - дейді медицина мамандары.
Қалай дегенмен бұл өңірде қауіпті вирустың таралуы көбейген. Жыл басынан бері 48 адамға Конго-Қырым қанды безгегі диагнозы қойылып, тоғыз адамда вирустың нақты белгілері анықталды. Науқастармен қарым-қатынаста болғандар оқшауланып, дәрігерлер бақылауына алынды. Кенеден келетін қауіпті инфекция Ордабасы, Отырар, Төле би, Келес, Мақтаарал, Жетісай аудандары мен Түркістан қаласының тұрғындарында анықталған.
Бақтыораз Елемесов, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Жыл басынан бері облыста кене шағу жағдайымен 985 адам қаралды. Өкінішке қарай науқастың дәрігерлік көмекке кеш жүгінуі себептен 1 жасөспірім бала көрсетілген ем – дом шараларына қарамастан қайтыс болды.