БҚО-дағы орман өрті: 44 адам эвакуацияланды

Батыс Қазақстан облысында орман өрті өршіп, Айтиев ауылының 44 тұрғыны эвакуакцияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстың бірнеше ауданда өрт ошақтары тіркелген, өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күрес жүріп жатыр. Қатты желдің салдарынан Орал қаласындағы 800 үй жарықсыз қалды. Жөндеу бригадалары апат салдарын жойып жатыр. Кеше өңірде сынап бағанасы 45 градусқа дейін көтерілді. Өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталғандықтан, өңірде ауыл шаруашылығы жұмыстарын уақытша тоқтату жөнінде облыс әкімінің бұйрығы шықты.