Көкшетауда қоқыс полигоны өртеніп жатыр

"Көкшетау-Омбы" автожолы бойында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонынан өрт шықты.

Жалын 3 гектар аумаққа жайылған. Оны сөндіруге 100-ден астам адам жұмылдырылды. Өрт әзірге ауыздықталған жоқ.