Семейде 7 адам суға батып кеткен
Шомылу маусымы басталғалы бері Семейде 7 адам суға батып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның бірі – бала. Қазір Семейде күн ыстық. Тұрғындар су жағасын саялайды. Төтенше жағдай департаментінің мамандары суға түсерде қауіпсіздік ережелерін есте сақтау керектігін ескертеді. Құтқарушылар арнайы шара өткізіп, суға батып бара жатқан ер адамды құтқару амалын жасады. Алғашқы медициналық жәрдем қалай жасалатындығын көрсетті.
Жалпы өткен жылы Семейде 10 адам суға кетіп, ажал құшқан.
Темірлан Оматаев, Семей қалалық ТЖД Азаматтық қорғаныс тобының аға офицері:
- Қазір жұмыс барысында адамдарға алғашқы көмек көрсетеміз. Тәжірибелік тұрғыда көмек көрсетеміз. Одан кейін костюмді акциялар өткіземіз. Онда балаларға судағы кейіпкерлер бейнесінде келіп, судағы ережелермен таныстырасыз.