Түркістан облысында жасырын есірткі зертханасы анықталды
Түркістан облысында есірткі өндіретін жасырын зертхана анықталды.
Сайрам ауданындағы жалдамалы үйден 100 келіден астам синтетикалық заттар мен тыйым салынған препараттар жасауға арналған жабдықтар табылды. Үш күдікті ұсталып, айғақты заттар тәркіленді. Олардың синтетикалық есірткіні өздері өндіріп, әлеуметтік желі арқылы сатқаны белгілі болды.
Ержан Марат, қала прокурорының орынбасары:
- Заңсыз зертхана Түркістан облысының аумағында орналасқан. Алайда есірткінің көп бөлігі Шымкент қаласына өткізілген. Біз арнайы операция барысында 100 келіден аса дайын өнім мен оны әзірлеуге арналған түрлі шикізатты тәркіледік.