Ертіс орманындағы өртті сөндіру жалғасып жатыр

«Ертіс орманы» резерватында өртті сөндіруге 4 тікұшақ жұмылдырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдын-ала болжам бойынша, жалын шарпыған аумақ – 400 гектар.

Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаменті және орман шаруашылығы қызметкерлері бірігіп, тілсіз жауды сөндіруге сағат 14:55-те кіріскен. Бастапқыда жалын Сүгір ауылына дейін жетеді деген қауіп болды. Бірақ қазір елді мекендерге төніп тұрған қатер жоқ, деп хабарлады жауапты ведомство. Құтқарушылардың жұмысын ыстық, құрғақ ауа-райы және қатты жел қиындатқан. Жағдайды бақылау үшін оқиға орнына өңір басшысы мен Төтенше жағдайлар министрі барды.

Эльдор Райымбеков, ҚР ТЖМ Дағдарыс жағдайларында басқару орталығы кезекші бөлімінің бастығы:

- Қазіргі кезде бізде 3 аймақтан ол жақтан жеке құрам мен техника жұмылдырылды. Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Астана. Жалпы алғанда бізде ол жақта 146 жеке құрам және 48 арнайы техника. Сонымен бірге өртті тізгіндеу үшін ол жердегі мемлекеттік органдар жұмылдырылып, қазіргі кезде жұмыс жүргізіліп жатыр.