Екібастұзда газ құю станциясында өрттен адам қаза тапты
Екібастұзда автогаз құю бекеті өртеніп, бір адам көз жұмды.
Қонаев көшесінде орналасқан бекетте газ сақталған 4 резервуар, 40 газ баллоны болуы мүмкін деп болжанған. Оқыс оқиға жайында ақпарат түскі сағат бір шамасында түскен. Қызыл жалын жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне ауысты. Шамамен 200 шаршы метр аумақтағы шатыр, сондай-ақ жақын орналасқан су мұнарасының төбесі жанып кетті. Ал сағат 15:22-де цистернаның жанынан жас жігіттің өртенген денесі табылды. Оның жеке басы анықталып жатыр. Екі сағат ішінде өрт толық сөндірілді.
Оразбек Уәлиханов, ТЖД өртті бақылау департаменті басқармасының бастығы:
- Осы өрт сөндіру барысында бір адамның мәйіті табылды. Қазіргі таңда анықталуда кім екені. Болжам бойынша бұл оператор, осы автогаз құю станциясының. Өрт орнында Павлодар облысы департаментінің 31 қызметкерімен 11 бірлік техникасы жұмылдырылды. Қазіргі таңда залалы мен шығыны анықталуда.