Алакөлге демалуға барған адам аяғынан айырылды

Алакөлде оқыс оқиға болды.

Көлдегі су мотоциклінің бұрандасы абайсызда 39 жастағы ер азаматтың аяғын жұлып әкетті. Оқыс оқиға Ақши ауылының маңында болған. Зардап шеккен азамат ауыр халде ауруханаға түсті. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Полиция тергеу амалдарына кірісті.