Ақмола облысы Қаражар ауылының маңында қамыс өртенді

Ақмола облысы Қаражар ауылынан 8 шақырым жерде қамыс өртенді.

Оқиға күндізгі сағат 5 шамасында тіркелді. Жалын 4 гектар жерді шарпыған. Абырой болғанда, өрт сөндірушілер оны ауыздықтап үлгерді. Жалынды сөндіруге 5 техника мен 20 маман жұмылдырылды. Осы ретте Төтенше жағдай департаменті, азаматтарға өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.