СҚО-дағы ет өңдеу комбинатында 4 жұмысшы мерт болды
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданындағы ет өңдеу комбинатында 4 адам қаза тапты.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, жұмысшылар тереңдігі 8 метр болатын кәріз құдығын тазалауға түскен. Төртеуінің денесі сол жерден табылды. Оқиға орнына облыс әкімі барып, қара жамылған отбасыларға көңіл айтты. Сонымен қатар арнайы комиссия құрып, мән – жайды анықтауды тапсырды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
Нұрбек Баекин, облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі:
- Алдын ала анықұталғандай, 1966, 1991, 1995 және 2000 жылдары туған жұмысшылар кәріз құдығын тазалау кезінде иістен уланған. Олардың денелері сот - мед–циналық сараптамаға жіберілді. Аталған факті ҚР ҚК 56 бабының 4 – інші бөлігі «Еңбек қағдидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексерулердің біріңғай тізіміне тіркелді.