Жамбыл облысындағы Меркі тауларында өрт өршіп барады
Жамбыл облысында аптап ыстықтан Меркі тауларында басталған өрт өршіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қызыл жалын қазір 300 гектарды шарпыған. Өрт ошағы таулы аймақта тұтанғандықтан, онда техника шығару мүмкін болмай тұр. Жалынды ауыздықтауға 2 күннен бері жеке құрам мен тікұшақтар тартылып жатыр. Кешелі бері жалын шарпыған аумаққа әуеден 11 мәрте су шашылды.
Еске салсақ, өрт 2 тамызда шыққан. Қазіргі сәтте Ақтоған ауылынан 20 шақырым жердегі қураған шөп жанып жатыр.
Ералы Ақылбеков, Жамбыл облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
- Қазіргі таңда өрт орнында 161 қызметкер жұмыс жасап жатыр. 1 тікұшақ, 2 «АН-2» сумен өшіру жұмыстарын жасап жатыр. Өртті өшірудің қиындығы желдің құбылмалы болуына байланысты қиындық тудырып жатыр.