Маңғыстауда салық төлеу сылтауымен қаржы жымқырған бас есепші ұсталды
"Теміржолсу-Маңғыстау" серіктесігінің бұрынғы бас есепшісі ұсталды.
Оған "200 млн теңгеден аса қаржыны жымқырды" деген айып тағылды. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, күдікті соңғы үш жылда салық төлеу желеуімен төлем құжаттарына жалған ақпарат енгізіп, серіктестік қаражатын жеке тұлғалардың есеп-шоттарына аударып отырған. Кейін оны өзіне қайтарып алған, дейді мамандар. Осылайша серіктестік қаражатын жеке мақсатта пайдаланып келіпті.
Әлібек Әбділов, ҚР қаржылық мониторинг агентігінің ресми өкілі:
- Бас есепшінің қылмыстық әрекеттерінің салдарынан Серіктестікке аса ірі мөлшерде 225 млн теңгеден астам сомаға материалдық шығын келтірілген. Тергеу әрекеттері жалғасуда.