Шымкентте 1 адамнан Конго-Қырым қанды безгегі анықталды
Шымкентте 40 жастағы адамнан Конго-Қырым қанды безгегі анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ол Қазығұрт ауданындағы қожалықта мал баққан. Кене шаққаннан кейін температурасы көтеріліп, қан кету және құсу белгілері байқалған. Науқас әбден ауруы асқынғаннан кейін ғана Шымкенттегі ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері хабарлады. Науқаспен қарым-қатынаста болған 21 адам оқшауланып, дәрігерлердің бақылауына алынды. Қазір барлығының жағдайы қалыпты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, - дейді мамандар.
Жалпы биыл шаһарда 608 адамды кене шағып, медициналық көмекке жүгінген.
Азамат Тасболтаев, қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлімінің бас маманы:
- Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігер инфекционист мамандарымен Конго-Қырым қанды геморрагиялық қызбасы расталған жағдай ауыр дәрежелі диагнозы қойылған. Қарым-қатынаста болған барлық отбасы мүшелері, қаралған медициналық мекемедегі қызметкерлер барлығы 14 күндік медициналық бақылауға алынды.