Қарағанды облысындағы шахтадан тағы бір кеншінің мәйіті табылды
Шұғыл ақпарат.
Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында болған өрт салдарынан жер астында қалған 5 кеншінің тағы біреуінің жансыз денесі табылды.
Қалған үшеуі әлі іздестіріліп жатыр. Кен орнында әлі өрт сөндірілмеген. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Еске салсақ, кеше «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Көмір департаментіне қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер таспасы өртенген. Салдарынан 222 кенші жер үстіне шығарылып, 5 кенші табылмай қалған болатын.