Қарағанды облысында үшінші кеншінің мәйіті табылды
Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында іздестіріліп жатқан 3 кеншінің тағы бірінің денесі табылды.
Қалған екеуі әлі іздестіріліп жатыр. Құтқарушылар өрт болған конвейрдің 40 пайызын жүріп өткен. Қазір ондағы жалын сөндіріліп желдетіліпті. Алда әлі 800 метрге жуық, қашықтық бар дейді мамандар. Еске салсақ, кеше конвейер таспасының өртенуі салдарынан 222 адам, жедел жер бетіне шығарылып, бесеуі хабар-ошарсыз қалған. Кейін белгілі болғандай, екі кеншінің мәйіті табылған болатын. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен 11 кенші ауруханада жатыр.
Геннадий Сильинский, кәсіби әскериленген авариялық-құтқару қызметі ҚОФ директорының орынбасары:
- Түнімен төрт бөлімнің құтқарушылары іздеу жұмыстарын жүргізді.Апат салдарынан болған өртті сөндіру жұмыстары да қатар жүргізіліп отырды. Д6 конвейерінің жалпы ұзындығы 1900 метрге жуық. Қазір оның жартысына жуығында біздің мамандар жұмыс істеп жатыр. Іздеу жұмыстары жалғаса береді.